Үкімет басшысы – Қостанайда

Бүгін Қостанайға іссапармен Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов келді. Астықты аймаққа арнайы ат басын бұрған Премьер-Министр Тобыл төсіндегі шаһардың тыныс-тіршілігімен танысты. Ол, ең алдымен, «Әуежай» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының қарқынын бажайлады. Кейін мамандандырылған ХҚКО мен «АгромашХолдингі» АҚ-на бас сұқты.   IMG_3761
IMG_3888
IMG_3793
IMG_3845
IMG_3961Үкімет басшысы Қостанай облысына жасаған іссапарында өңірдің мәдени тұрмысын да назардан тыс қалдырмады. Биыл Ұлы ағартушы А. Алтынсариннің туғанына 175 жыл толып отыр. Осы орайда, Мәсімов мырза тарихи тұлғаға арналған облыстық мұражайды бетке алды. Ел Тәуесліздік алған жылы бой көтерген ғимарат Тәуелсіз Қазақстанмен қатар жасап келеді. Мұражай ұжымы Премьер-Министрге мәдени ошақтың бүгінгі аяқ алысын айтып, ғимарттағы сақтаулы тұрған құнды жәдігерлерге тоқтала кетті. Бұл күндері барша қазақтың ұрнанына айналған «Кел, балалар, оқылық!» деп басталатын Алтынсариннің қолжазбасын көрсетті.IMG_4264
Бұл музейде ағымдағы жылдың бірінші жартысында 167 экскурсия, 25 көрме ұйымдастырылған. Оның үстіне, биыл атаулы жыл. Музей қызметкерлері сырттан келер қонақтар мен облыс тұрғындары үшін сапалы қызмет көрсетуге аянып қалар емес. Өткеннен сыр шертіп тұрған мекеменің қазіргі таңда аса қажеттілігін айтып, Премьер-Министр мәдени қызметкерлерге арнайы Астанадан әкелген Алғыс хатты ұсынды. Бұл, сөзсіз,  облыстық мұражайдың еселі еңбегінің жемісі.  IMG_4226  
Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов биыл ЖОО тәмамдаған түлектермен аз-кем сұхбаттасты. Себебі, бұл түлектер – орта мектептерге жұмыс істеуге баратын жас мамандар. Қостанай облысында Ыбырай Алтынсарин атындағы 5 оқу ордасы бар. Алдағы оқу жылынан бастап сол мектептер жаңа ұстаздармен толығады.  Кездесуге келген болашақ мұғалімдер респбуликаға белгілі ақын-жазушы Серікбай Оспановтың ақ батасын алып, әлі сиясы кеппеген кітабына ие болды. Ұлы ұстаз жайында талай рет қалам тербеген С.Оспанов «Сөнбес шырақ» атты туындысын К.Мәсімовке де сыйға тартты. Ауыл-аймаққа ұстаздық етуге жол тартатын жас өрендер ерінбей еңбек етіп, сапалы білім беруге Үкімет басшысына уәде етті.IMG_4183
IMG_4215
IMG_4252Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓