Маңызды матчта ұтылды (БЕЙНЕБАЯН)

Қостанайлықтар ойынның басында-ақ қауіпті шабуыл жасады. Айып алаңындағы қарбалас сәттердің бірінде Константин Дудченко есеп ашуы мүмкін болған. Содан кейін "Тобыл" жартылай қорғаушысы Томаш Шимковичтың бірнеше гол соғатын мүмкіндіктері болды. 574b18b71e603
Кеншілердің шабуылы көбінесе алаңның орта тұсынан — жартылай қорғаушы Мақсат Байжанов арқылы өрбуші еді. Осы жолы олардың қос қапталдағы аяқдопшылары белсенді.574b189978bfbӘсіресе, Деслей Уббинктің жылдамдығы мен техникаға құрылған ойыны қонақтар қорғаушыларының мазасын алып бақты. Петухов қақпасына алғашқы соққы бағыттаған да осы Уббинк болатын. Көп ұзамай есеп те ашылды. 42 минутта Қуаныш Ермеков ұсынған пасты Мақсат Байжанов голға айналдырды. 574b18a0b22db
Екінші таймда "Шахтер" командасы қорғаныста "жатып" алды. Ал Лотов баптайтын жігіттер шабуылға ден қойды. Дегенмен, нәтижесіз. Алаңға шабуылшы Хижниченко мен Досмағамбетов шықты. Олар да таблодағы есепке өзгеріс әкеле алмады. Осылайша "Тобыл" маусымдағы шешуші ойындардың бірінде ұпай жоғалтты.
Келесі кездесу "Ордабасыға" қарсы өтеді. Ойын 2 маусымда сағат 19:00-де өтеді. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓