“Үміт-Надежда” қоғамдық бірлестігі 10 жылдығын атап өтті

IMG_4754Қалалық балалар шығармашылығы үйіне  мүмкіндігі шектеулі жандар жиналды. Бәрі де кезінде өздеріне көмек қолын созып, өмірге деген құлшыныстарын арттыруға жәрдемдескен бірлестік басшыларының қуанышына ортақтасып, өздерінің жылы лебіздерін жеткізуге келіпті. IMG_4774 Сондай-ақ, мерейтоймен құттықтауға арнайы халық қалаулылары И.Аронова мен О.Киколенко және Астана, Ақтөбе өңірлеріндегі қоғамдық ұйымдардың басшылары да келген екен…IMG_4770
Фоеде “Нұр Отан” облыстық филиалының қолдауымен “Кедергісіз келешек” жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды. IMG_4799Олардың қолынан шыққан сан түрлі дүниелер көздің жауын алады. IMG_4792Қызығушылық танытқандар бұйымдарды сатып алып, аз да болса мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуға тырысты.IMG_4845
Ал, шығармашылық үйінің актзалында өткен салтанатты шара арбадағы бимен басталды. IMG_4894Сахнаға шығып, мерейтоймен құттықтағандар қоғамдық бірлестіктің жеткен жетістіктерін сөз етіп, IMG_4909Дүйсенғали мен Арунаға алдағы уақыттар да талай белестерді бағындыруларына сәттілік тілеп, сый-сияпаттарын жасады. 
 
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓