Ресей зымыранының қалдықтары Торғай даласына құлайды

Қазақстан Ресейге «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын  «Союз» типіндегі зымырандардың сынықтарын түсіруге жерлер ұсынады. Ресей жерге түскен зымыран сынықтарының санына қарамай жылына 460 мың доллар төлейтін болады, деп жазады alau.kz.апрарИнвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау осындай соманы атады. Оның айтуынша, зымыран сынықтары Ақтөбе мен Қостанай облыстарының аумағына құлайды. Біздің өңірде бұл Жанкелдин ауданындағы 41 мың гектар жер. Түскен қаражат осы аудандардың әлеуметтік мұқтаждықтарына жұмсалады.
Альберт Рау қазір Парламентте Ресей тарапынан келісімді ратификациялау және ел аумағында жерді пайдалануға ұсыну бойынша жұмыстар жүріп жатқанын алға тартты. Алғашқы сынықтар бір жылдан кейін түседі деп күтілуде.

You may also like...

2 Responses

  1. Қос Танай айтты:

    Қазақ тарихының Ахмет, Міржақып, Әліби, Аманкелді, Нұрхан, Сырбай, Ғафу сияқты кеиеңгерлері туған алтын бесік 460 мың доллар үшін Ресей құрбанына айналып, аждаһаның өңешіне кетті десей. Жетіскен екенбіз.

  2. Қолқоюсыз айтты:

    Маскарагой мынау жазыксыз халык не жазды 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓