Жастар арасында Қазақ күресінен жарыс болады!

Облыстық Марал ишан мешітінің ұжымы тек ислам дінін насихаттап, қалың жұртшылықты имандылыққа баулып қана жүрген жоқ. Дін қайраткерлері салауатты өмір салтын қалыптастыруға да өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді.
Мәселен, аталған мешіт қызметкерлері, облыстық әкімдіктің дін істері жөніндегі басқармасы және «Социум & Я» қоғамдық бірлестігі дін жолында жүрген жастар арасында қазақша күрестің мәртебесін көтеру мақсатында өзіндік ерекшеліктерін насихаттау мақсатында біріншілік ұйымдастырып отыр.fb7413a3537603d6d9a44a49ef61c877Бұл жарыстың алдына қойған мақсаты – ұлттық күресті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың патриоттық сезімін ояту, балуандардың спорттық дәрежелерін жетілдіру.
Аталған біріншілік үстіміздегі жылы 23 шілдесінде облыс орталығының 9-шы шағын ауданындағы Қостанай қалалық мешітінің алаңында өткізіледі. Оған салмағы 70- тен жоғары жастар (кәсіби спортшылар емес) қатыса алады.
Түйе балуандық сайыс деңгейінде ұйымдастырылатын жарысқа өз саласының білгірі Қазтай Ысмағұлов бас төрешілік етеді.
Сайыс жеңімпаздарына берілетін сыйлықтар да белгіленді. Біріншілік қорытындысы бойынша:
-​ Бірінші орынға – Умра қажылығы;
-​ Екінші орынға – Ірі қара;
-​ Үшінші орынға – Марқа қой.
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓