Заманауи жалдамалы үй
Қарабалық ауданының Черемушки шағын ауданында жаңа үш қабатты жалдама үй тұрғындар игілігіне берілді. Кәсіпкер Владимир Кригер іргесін қалаған кең екі бөлмелі пәтерлерге жергілікті жұрт жыл бұрын кезекке тұрып қойған.
Жалдамалы пәтерге қоныс тепкен отбасылар дән разы. Соңғы үлгімен салынған үйдің іші кірсе шыққысыз. Еуропалық стандартқа сай. Жайлы, жылы. Салқын-ыстық су келіп тұр, тіпті аспа шамына дейін басқару тетігімен жанып-сөнеді.


