«Отанымыздың жүрегі – Астана!»
Міне, осындай тақырыппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының мамандандырылған күзет басқармасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған акция болып өтті. Іс-шараға облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Айбике Қазыбаева қатысып, жиналғандарға «Орындалған арман- Астана» атты хроникалық-деректі фильмін ұсына отырып, мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған жылдардан бүгінгі күнге дейінгі өсуі, өркендеуі, дамуы сонымен қатар еліміздің бас қаласы Астана туралы жан-жақты айтып берді.
Сол секілді акция аясында және Астана күніне арналып осы мекеменің 1- полиция батальоны қызметкерлері арасында Президенттік жүгіру бойынша жарыс болды. Жарыс қорытындысында бірінші орынды полиция кіші сержанты Р. Хабибуллин, екінші орынды полиция кіші сержанты А. Утин жеңіп алды. Ал, үшінші орынға полиция сержанты Д.Бектасов ие болды. «Жеңіске деген жігерлігі үшін!» марапаты А. Байжанов берілді.
Гүлназым САҒИТОВА