Арқалық қаласында – жаңа әкім

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабының 4 тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты депутаттарымен келісім бойынша Арқалық қаласы  әкімінің лауазымына Балғарин Амантай Кәкімбекұлы тағайындалды.73288755-506Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан активімен өткен кездесуде: «Арқалық үшін негізгі бағыт – бұл жаңа өндірістерді құру, ірі кәсіпорындардың айналасында шағын, орта бизнесті дамыту. Қала басшылығына осы және алдағы жылдарға мемлекеттік бағдарламалар аясында индустрияландыру  жоспарын жасау қажет»,- деп атап көрсетті. Сонымен қатар облыс басшысы жылу мерзіміне дайындық, бу қазанын жөндеу және Арқалық ЖЭК үшін мазут дайындау мәселесіне назар аударды. Құрылыс, ТКШ және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты міндеттер қойылды.
                                                             ***
Балғарин Амантай Кәкімбекұлы  1962 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1994 жылы  Алматы зооветеринарлық  институтын ветеринария мамандығы бойынша, 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы «Қаймақкөл» кеңшарында мал дәрігері болып бастады. Осы шаруашылықта 1998 жылға дейін басшылық лауазымдарды атқарды. 1998 жылдың шілдесінен бастап 2004 жылдың наурызына дейін Қостанай облысы Әулиекөл аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында жетекші маман, бас маман, бастықтың орынбасары, бастық болып істеді.  2004 жылдың наурызынан 2010 жылдың желтоқсанына дейін – «Тимофеевка-Агро» ЖШС директоры, шаруа қожалығының басшысы. Бұдан соң  Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, бастығы міндетін атқарды. 2011 жылдың қарашасынан 2013 жылдың маусымына дейін – Науырзым ауданының әкімі болып істеді. 2013 жылдың маусымынан 2016 жылдың маусымына дейін – Әулиекөл ауданының әкімі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓