“Көркейе бер, ару қала Астана!”
Осындай атаумен Шақшақ Жәнібек атындағы орталық алаңда Астана күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин тұрғындарды айтулы меркемен құттықтап, 25 жылдық тарихы бар ел тәуелсіздігінің асқан асуымен, жеткен жетістігін сөзіне арқау етті.Мерекелік іс-шараның жалғасы ретінде аудандық мәдениет үйінің әншілері Астанаға арналған әндерді шырқап, өнер мектебінің оқушылары бимен өрнектеді. Ал дене шынықтыру және спорт бөлімінің жауапты қызметкерлері спорттық ойындарды ұйымдастырып, жеңімпаздарды ақшалай сыйлықтармен марапаттады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы