Індетпен күреске күш салды

ERG Қостанай өңіріндегі COVID-19 індетіне қарсы күрес шараларына қосымша 107 млн теңге бағыттайды. Бұл туралы компанияның корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.eebe59c9009e
Қаражат облыс әкімдігімен арада жасалған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы әріптестік жөніндегі Меморандум аясында қарастырылмақ.
Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерде коронавирус инфекциясының пандемиясына қарсы күрес шарларына барынша қолғабыс етіп отыр. Осыған дейін Қостанай облысымен арадағы Меморандум аясында жалпы сомасы 592,3 млн теңгеге көмек көрсетілген болатын. Қаражат негізінен мединицалық жабдықтар мен жарақтар сатып алуға бағытталды.
– COVID-19 пандемиясы барша әлемді қиындықтарға тап қылды. Мұндайда біздің бірлігіміз бен жауапкершілігіміз маңызды. Осы орайда, ERG-ге қолдауы мен Қостанай өңірінде індетке қарсы шараларға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Қаражат тап қазіргі кезде ең қажет – дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Әрі бұл қиын жағдайда қалған талай жанға шипа, дертіне дауа боларына сенімдіміз. Осылай бірлесе отырып, біз бар қиындықтарды еңсере аламыз, – дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.
Еуразиялық Топ қоғам мен мемлекет алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әрдайым берік ұстанып, міндеттемелерін қалтқысыз орындауға талпынады. Көктемде ERG Павлодар облысына жалпы көлемі 600 млн теңгеге көмек көрсетіп, өкпені жасанды желдету аппараттары мен пульсоксиметрлер сатып алған болатын. Оған қоса, Ақтөбе облысына 419,03 млн теңгеге медикаменттер мен медициналық жабдықтар сатып алынды.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓