Айта берсе, түйткіл көп

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов «Нұр Отан» партиясы ҚОФ қоғамдық қабылдауында азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады. Қоғамдық қабылдауға партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Сералы Ахметов қатысып отырды.P1390930Партияның қоғамдық қабылдауына екі азамат жазылған болатын. Соның бірі, Қостанай қаласының тұрғыны Людмила Решетник. Ол «Көктем-2» жеке пәтер иелері кооперативінің жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Себебі, жаңбыр жауған сайын көпқабатты үйлердің төбесінен тамшы тамып, су сорғалайды. Подъездегі тоқ өткізгіш сымдар мен электр қораптарын тот басқан. Мұндай электр желілері адам өміріне қауіпті. Қала тұрғыны бұл мәселені  кооператив басшылығына жеткізген-ді. Бірақ, ешқандай өзгеріс жоқ.
Қабылдауға жазылған келесі азамат Нина Ракецкая қала маңындағы ауылда тұрады. Оның да өтініші тіршілік түйткілдерімен үндес.  Арызданушы қоқыс жәшігінің үйдің қасына тым жақын орналасқанына налиды. Сасық иіс үйдің ішіне де кіріп кететінін айтып қалалық ТКШ бөліміне бірнеше рет хабарласқан. Алайда, оның да шағымы аяқсыз қала береді.  Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов аталған екі мәселені өзінің бақылауына алды. Лауазымды басшының араласуымен жуық арада шешімін табатын болады.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓