Көйлекте де көп сыр бар…
1980 жылдары сәнге айналған киімдер есіңізде ме? Әсіресе, "Петушок" бас киімі кең таралды. Ал, 1990 жылдың басында «Адидас» спорттық костюмі, «Мальвин, «Пирамид» деген жазуы бар джинси шалбарлар ерекше сұранысқа ие болды. Сол кездегі киімдер осы күнге дейін сақталды дегенге сенесіз бе? Біз сенеміз. Себебі, көзбен көрдік.
Қостанай қаласының тұрғыны Жұлдыз Бермағанбетованың үйінде 1987 жылы тігілген көйлек сол қалпы сақталған. Жұлдыздың анасы Қазақ ССР кезіндегі Қарағанды өндірістік тігін бірлестігінен шыққан әртүрлі тауарды сақтап қойған. Анасы бір жыл бұрын дүниеден өтті. Артында қалған қобдишаны ұл-қыздары жиналып ашқанда мәмпәси кәмпит, иіс су, жаңа туған балаға арналған жейде және екі көйлек шыққан. Ақ түсті көйлектің етегіне сары түсті дақ түскен. Ал екіншісі сол күйі сақталған. Бәрі кеңес үкіметі кезіндегі заттар. Көйлектің жапсырмасында «шыққан жылы 1987 жылғы тамыз» деп көрсетілген. Бұл заттарды Жұлдыз анасының көзіндей көреді. Ол етегі жасыл түсті көйлекті күнделікті жұмысқа киіп жүр. Бірақ жапсырмасын алып тастауға қимайды.

-Менің анам әдемі затқа құмар болатын. Ұлым үйленсе, қызым тұрмысқа шықса керек болады деп киім-кешек, ыдыс-аяқты сандыққа салып қоятын. Ертедегі заттар мен киімдер біз үшін таңсық. Мұндай дүнияларға аға-әпкелерім қызықты. Бірақ мен ешкімге бермедім. Үйдің кенжесі болған соң анамнан қалған заттарды одан әрі сақтағым келеді,-дейді Жұлдыз Бермағанбетова.
Қымбат ДОСЖАНОВА