Шектеуге шекеден қарағандар
Өңірімізде 8, 9 тамызда енгізілген локдаун тәртібін бұзудың 405 дерегі әшкереленді. Тәртіп сақшылары қатаң түрде кезекшіліктер атқарып, саябақтар, скверлер мен жағалаудағы күзет күшейтілген. Алайда бұған қарамай беташар, туған күн тойлаушылар қатары сиремек емес. Өрескелдікке барғандар жазадан құтылған жоқ. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«8 тамызда Жангелдин ауданының орталығында 30 қонақ шақырылған беташар тойы өтті. 25 адамдық дәл осындай той Торғай селосында анықталып отыр. 9 тамыз күні «Белая юрта» демалыс базасында 60 адамдық жабық үйлену тойы өтті. Демалыс кешені аумағында 20 автокөлік болған. Сондай-ақ, облс орталығындағы «Арагви» кафесі мен «Тобыл» мейрамханасы, Тобыл қаласындағы «Түркістан» жазғы дәмханасы шектеуге қарамай жұмыс істеді», – делінген баспасөз хабарламада.
Айтпақшы, өткен сенбі күні Қостанай қаласы Дулатов көшесі 173А мекенжайындағы коттеджде үйлену тойын жасағандарды полиция тобының тарату, жауапқа тарту сәтіне газетіміздің тілшісі куә болған еді. Үйді жалға берушінің әкімшілік жауапқа тартылуы бірінші рет емес. Ол бұған дейін де той иелеріне коттеджін майлауға тапсырғаны үшін жазаға тартылыпты.
Локдаун күндері Қостанай мен Рудный қалаларында жұмыс істеген сауналар мен моншалардың қызметі әшкере болыпты.
Ал полиция қызметкерлерінің катер мен басқарушысыз ұшу аппаратын (дрон) қолдану барасында суға шомылудың 140 фактісі тіркелген екен.