«Қостанай таңына» – 94 жыл
Облыстық «Қостанай таңы» газетінің шыға бастағанына бүгін 94 жыл толды. Облыс өмірінің айнасына айналған үнпарақ осынша уақыт бойы өз оқырмандарына қалтқысыз қызмет етіп келеді. 1922 жылы 25 маусымда қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі Мұхамеджан Сералин мен қазақ әдебиетінің майталман жорғасы, аса көрнекті жазушы-журналист Бейімбет Майлин бас болып, негізін қалаған, «Ауыл» деген әдемі атпен жарық көрген басылым тарихы – ол еліміздің, халқымыздың тарихы, оның беттерінде кешегі және бүгінгі өмір тынысы сайрап жатыр…
«Ауыл», «Социалды ауыл», «Большевиктік жол», «Коммунизм жолы», «Коммунизм таңы», «Қостанай таңы» – газеттің осы атауларының өзі оның жүріп өткен жолынан хабар берсе керек.Газетті әр кездері басқарған Мұхамеджан Сералин, М.Бейсенов, Зиябек Рүстемов, Меңетай Жақсылықов, Хасен Өзденбаев, Хамитбек Қапанов, Тумыш Сарықоджаев, Сәлтай Ержанов, Хайыржан Бекхожин, Беген Байсақалов, Сафаржан Хайдаров, Сейіт Әбдібеков, Бақытжан Жангисин, Сержан Үсенов, Салық Молдахметов, Бақытжан Нұрмұхамедов, Ғұмар Ахметчин, Жайберген Болатов сияқты қаламгерлер басылым тарихында өзіндік іздерін қалдырды.
«Қостанай таңының» тізгінін ұстаған қазіргі басшы Жанұзақ Аязбеков те газеттің беделі мен бедерін арттыру үшін ізденіспен еңбек етіп, ортақ іске ұжым мүшелерін тас-түйін жұмылдыруда.
Облыс аудандары мен қалаларында өткен «Қостанай таңы» күндері жемісті болды, жаңа жоба – «Қостанай ақшамы» да оқырман тарапынан кең қолдау тапты.
Редакция жанынан құрылған әлеуметтік зерттеу орталығы да талай тың істерді жүзеге асыруда. «Қостанай таңы» газетінің жыр мүшәйрасы», студенттермен, жастармен түрлі форматтағы кездесулер, қазақтың делебесін қоздырған «Домбыра-думан» шарасы ұйымдастырылды. Айта берсек, Бас редактордың бастамасымен қолға алынған іс-шаралар жетерлік. Барлығында да «Қостанай таңының» қызметкерлері бір кісідей жұмылып, діттеген мақсатымызға жетуге тырысудамыз.
Ғасырға жуық тарихы бар «Қостанай таңы» газеті заманымыздың талабына сай, көштен қалмай бой түзеп, ақпарат ағымының алдыңғы шебінде жүр. Қилы заманды бастан кешірген газетіміз өзгерді де, түрленді де, тіптен жабылып қалған кезі де болған еді. Аллаға тәубе, қазақтың арқалы азаматтарының күшімен қайта қалпына келіп, көнеден қалыптасқан игі дәстүрді жалғастыру мүмкіндігіне ие болдық. Біздің арманымыз, ағаларымыз бастаған істі одан әрмен жалғастыру. Осы мақсатта аянбай тер төгудеміз. Заманына сай, адамы да өзгереді демекші, қазіргі кезеңде газетімізге тың серпіннің қажет болып отырғаны шындық . . .Жаһанды жаңғыртқан ақпараттық технология заманында болашағынан үмітті кәсіпорындардың барлығы да ғаламторға бет бұрды. «Қостанай таңы» да көштен қалмай ерте кезеңнен өзінің ғаламтордағы бетін ашып, жұмыс істей бастаған еді. Бастапқыда ақпаратты жариялаумен шектеліп келген сайтымыз бұдан былай жаңа сипатта жұмыс істеуді жоспарға алған. Аз ғана уақыттың ішінде сайтымыздың сәні өзгеріп, мәнді ақпараттарының қатары қалыңдай түсті. Газетіміздің құнды қоры "Қостанай таңы" кітапханасы, жаңадан ашылған "Қостанай таңының" зерттеу орталығы" мен "Жастар.kz", "Бас редактор болгы", «Қостанай ақшамы», «Ел аузынан», «16+», "Көрген көзде жазық жоқ", "Сөз асылы" іспетті топтамалар жаңа сипаттағы сайтымызға енгізілді. Сонымен қатар, «Тобыл-Торғай тынысы» айдарына күнделікті жаңалықтар жарияланады. Біз еш нәрсені ойлап тапқан жоқпыз. Біз қалыптасқан игі дәстүрді жалғастырып, ақпаратымызды оқырманға жедел жеткізудің амалына жүгіндік. Әрқайсымыздың арқалаған жүгіміз әрқилы болғанымен, барлығымыздың да діттегеніміз бір – көштен қалмай, заман талабына сай ақпаратымызды қалың оқырманымызға жеткізу, халыққа қызмет ету. Болашақта да осы бағыттағы тың жобаларымызды жүзеге асырып, көпшіліктің көңілінен шығамыз деген үміттеміз.

"Қостанай таңы" газетінің ұжымын төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!!! Қаламдарыңыз мұқалмасын!!! Жасай беріңіздер!!!
Әп-бәр-рекелді. Бар бол, қарақ. Құттықтаудың өзі тұнып тұрған өнер.Ал мен өзіңдей ел ағасына айтам:қаламды қойшы, талант мұқалмасын де.
Тарихқа үңілсек, сан із бар,
Өткеннен қалған көп аңыз бар.
Шындықсыз аңыздың жоқ құны
Ақиқат -аңыздың авторы. Шебердің жыры. Осылай жазуға тырысу керек! Ал Қостанай таңындағы балалардың мәдениеті, сабыры һәм парасаты үлгі.