Тұғырда – « Тіл мерейі»

Алғаш «Тіл туралы» заң 1989 жылы қа­был­данғаны көпшілікке белгілі. Содан бері жиырма жылдан астам уақыт өтті десек те, тіл мәселесі осы күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Осы орайда елімізде тіл мәселесінің толықтай шешімін табуы үшін қандай шаралар жасалуы қажет? Міне, осы тақылеттес сұрақтар Қостанайда өткен «Тіл мерейі» атты семинарда талқыланды. Талданды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті  ұйымдастырған шара жоғары дәрежеде өткізілді. Шараның мақсаты – мемлекеттік тұрғындарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық  тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілдерді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру.

IMG_1790 Іс-шараға еліміздің танымал әдіскер-ғалымдары, тіл мамандары, үйренушілер сол секілді Астана, Алматы қалалары мен  республикамыздың барлық облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушы-әдіскерлері қатысты.

"Тіл мерейінің" модераторы, еліміздегі Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов қазіргі қазақ тілін дамытудың түрлі әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Сол секілді іс-шара аясында  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Тілдерді дамыту және мониторинг басқармасының басшысы Толқын Исақова,  республикамызға белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбеков сөз сөйледі.IMG_1827
 
Білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту негізінен мектепалды міндетті даярлыққа, орта, жоғары және одан кейінгі білім беретін барлық оқыту нысанына қатысты. Мұнда ең алдымен білім берудің сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе, қазақ тілінде оқытудың мән-жайы тұрақты назарда болады. Бұл табиғи жағдай. Мемлекет бүгінде қазақ тілін дамыту үшін барлық қажетті жағдайды туғызуда. Баршаға белгілі, оның мәртебесі Ата Заңымызда белгіленген, мемлекеттік тілді қолдау мақсатында жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлінуде. Бүгінгі таңда республикамызда жүзден астам аймақтық, қалалық, аудандық қазақ тілін оқып-үйрену орталықтары жұмыс істейді. Жиырмадан астам компьютерлік бағдарламалар әзірленіп, барлық атқарушы органдар олармен толықтай қамтамасыз етілді, – деді Тілдерді дамыту және мониторинг басқармасының басшысы Толқын Исақова. 
 
Іс-шараның теориялық бөлімінде  ғалым ағамыз Әлімхан Жүнісбеков  «Грамматикасыз оқыту әдістемесі» атты  бейнебаяндамасын көрсетіп, жиналғандардың назарына ұсынды.  Осы іс-шара аясында  әдіскер-ғалымдар, оқытушылар  мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологияларымен, әдіс-тәсілдерімен бөлісті.  
Мемлекеттік тілді толыққанды меңгеріп, одан әрі қарамай дамыта білсек Егемендік еліміздің рухы мен абыройын көтереміз. Тіл – адамның рухани айнасы. Ана тіліміздің ұлы ұстазы Ғабит Мүсіреповтің “Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ” деген сөзі бар. Ендеше, "Тіл мерейі" тұғырдан түспегей!
 
 Қасқырбай Қойшыманов
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓