Төрлет, әз-Наурыз!

Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз жақындаған сайын қала халқы дайындықты ерте бастап та кетті. Соның бір көрінісі «Құрылысшы» құрылымдық бөлімінің кітапханасында кеңінен аталып өтті. Бұл мейрамға кітапхананың байырғы оқырманы, жасы сексенді алқымдаған ақсақал Бегайдар Ермағамбетов және №5 орта мектептің жас кадетшілері, кітапханашылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.Копия IMG_8253
Игі шараны жүргізуші кітапханашы Роза Сәтбаева жиналған жұртқа Наурыз мейрамының тойлануы халық ауыз әдебиеті шығармаларында қылаң беретінін, сондықтан да бұл мерекенің тым басы байырғы ата-бабаларымыз өмір сүрген заманда жатқандығын әңгімелеп, викториналық сұрақтар қойып, жиналған қауымның танымын одан сайын байыта түсті.IMG_8312
Оқушылар Наурыз мейрамына байланысты көріністер қойып, ертегілерден үзінділер келтіріп, жаңа піскен Наурыз көжеден дәм татты. Аңыз кейіпкері Алдар көсенің рөлін Абылай Сәмет жақсы сомдап, домбырадан күй төгіп, ән айтып, қошеметке бөленді.IMG_8303
Мәдени шараның соңына қарай кітапхана директоры Елена Долматова бізбен пікірлесіп, бұл мейрамның жыл сайын әртүрлі сипат ала түскендігіне тоқталды.IMG_8327
Абыз ақсақал Бегайдар Ермағамбетов жас кадетшілерге бұл мерекенің қадыр-қасиеті жөнінде, мағынасының терең арта түсуіне қапншалықты ат салысу керектігін баяндап ақ батасын берді.Копия IMG_8274
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓