Екі адамды өртеп жіберді

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Рудныйда қылмыскерлер күзетшіге және оның вагондағы досына шабуыл жасап, ұрып-соғып, үстілеріне жанар май төгіп, өртеп жіберген.сожгли
Айыптау болжамынша, бес жас жігіт Рудныйдағы кафелердің бірінде арақ ішіп алған. Олардың бірі "ССКӨБ" АҚ карьерінде қара және түсті металл жинаушы болып жұмыс істеген. Ол қасындағыларға металл ұрлауға ұсыныс жасайды. Бөтелкелестері келісе кетіп, такси шақырып, дәріхананы бетке алады. Медициналық маска мен скотч сатып алып, бау-бақшалық шаруашылыққа барады. Сол кездерде арнайы вагонда күзетші мен досы болған. Қаскүнемдер ішке кіріп, қойма кілтін талап етіп, оларды соққыға алған. Алайда күзетшіде кілт болмаған. Сол кезде қылмыскерлер құрбандарын далаға алып шығып, қол-аяқтарын скотчпен матап, үстілеріне жанар май құйып, өртеп жіберген.
– Кейін өртті сөндіріп, айыпкерлер жалпы құны 96 мың болатын 80 келі металл сынықтарын ұрлайды. Ал жәбірленушілерді ес-жады бар күйінде бригада жұмысшылары тауып алып, Рудный қалалық ауруханасына жеткізді. Алайда олар комаға еніп, естерін жимаған қалпында жан тапсырды,-делінеді хабарламада.
Марқұмдар өлім алдында полицейлерге қылмыскерлер туралы айтып үлгерген. Тәртіп сақшылары жедел іске кірісіп, күдіктілерді қолға түсірді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓