Анасын “танымағанша” ішіп…

Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты 43 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады.
Қостанай қаласында тұратын азамат А. 24 сәуірде сағат 23.00 шамасында үйіне удай мас болып келіп, жанжал шығарған. Анасына балағат сөздер айтып, қорқытып, тіпті күш қолданып, қол жұмсаған.  
Сот құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 30 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. 
Сонымен қатар, сот жазаға тартылушы А-ға 12 айға дейінгі мерзім ішінде жәбірленушіге жақындауға тыйым салды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.  
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓