Серіктестікке араша түсті

 Өткен жылдың  қараша айында «Алтын Тау-НЧ» ЖШС-і жиырма жылдан бері жұмыс істемей тұрған Қараторғай су құбырының құбырларын бұзуға жарияланған тендерді ұтып алды. Тапсырыс беруші – «Арқалық ЖЭК» коммуналдық кәсіпорны. Жоғарыда аталған фирма өкілдері жыл аяғына дейін белгіленген жұмысты бітіріп, 52,5 млн.теңгені игеруі тиіс болатын.
        Фирма құрылыс нысанын бұзуға кіріскенде  кейбір құбырлардың диаметрі шартта көрсетілгеннен үлкенірек екені анықталды. Яғни, оларды алып шығу, тасымалдау уақыт алады әрі қыруар  шығын шығары сөзсіз. Сондықтан, жылу компаниясы мердігермен келісе отырып, төлем сомасын ұлғайтып, барлық жұмыстарды 2015 жылғы 1 наурызға дейін ұзартуға қосымша келісімді жасасты.HJs4aHp-VB0
        Алайда, белгіленген мерзім аяқталуға жақындағанда  МКК фирмаға келісімді бұзуды ескертіп,  кейін шарттың мерзімін сақтамағаны үшін мердігерді жауапсыз деп тану үшін сотқа жүгінді. Бұл кезде бұзу жұмыстарын толық аяқтаған фирма өздеріне тиесілі төлемді ала алмай жүрген.
       «Сотта «Алтын Тау-НЧ» ЖШС-і өз міндеттерін адал орындағанын дәлелдеп берді. Өз кезегінде, МКК-нің қисынсыз әрекеті серіктестік беделіне нұқсан келтіріп, кейін олар мемлекеттік сатып алуға қатыса алмас еді», – дейді облыстық кәсіпкерлер Палатасы құқықтық қолдау бөлімінің бастығы Ренат Дәулетпаев.
       Жалпы, жыл басынан бері бизнесті қорғау желісі бойынша облыстық кәсіпкерлер Палатасына 179 өтініш келіп түсіп, олардың ішінен 51-і  оң шешімін тапты. Нәтижесінде, келтірілген 500 млн.теңге қазынаға қайтарылды.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓