Авентина әлемді мойындатты

Рудныйлық 18 жастағы Алевтина Николаева зіл темірді шалқалап жатып көтеру бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.авентина
Өткен жылы Швецияның Сундсвалль қаласында өткен әлемдік додада топ жарды. Бұл бәсекеге 14-52 жас аралығында 288 білекті күш сынасқан-ды. Ал биыл Дания елінің Редбю қаласында екінші мәрте жұлдызы жарқырады. Жарысқа ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер, қыздар мен жігіттер, сондай-ақ егделер – барлығы әлемнің әр түкпірінен 497 спортшы қатысқан еді. Қазақстанның өзінен 12 үміткер барды. Айтқандай, бұл сынға дейін Алевтина Шымкентте өткен іріктеу жарысында 84 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шыдатпай, жолдаманы жұлып алған. Ал, Данияда 18 жасқа дейінгі 20 спортшымен күш байқасуына тура келді. Өз салмағында 100 келілік зілтемірді бағындыру арқылы үздік атады. Қарсыластары саналған американдық Мелисса Рейес пен польшалық Лили Сабоны артта қалдырды.
Осылайша, Алевтина төрткүл дүниеге Қазақстанның әнұранын екінші мәрте тыңдатып қайтты. 
Бойжеткен енді 2017 жылы АҚШ-та өтетін байрақты бәсекеге дайындалуға кірісті.
Айта кетейік, Алевтина көпұлтты отбасынан. Әкесі – орыс, анасы – қазақ. Қазіргі таңда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілі факультетінде білім алуда.
 
Ж.Балғынбекұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓