МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТУРНИР

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінде мектепшілік волейбол, теннис және дойбы спорт түрлерінен жарыс өтті. Жарысқа оқушыларымыз толық сынып болып және жекелей бақтарын сынады. Волейбол жарысына 8-11 сыныптар арасында 6 команда атсалысты. Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан І орынды 11 сынып командасы, ІІ орынды 8 сынып, ІІІ орынды 9 б сынып  командалары ие болды.арподл
Осы жарыста үздік ойын көрсеткені үшін 8 сынып оқушысы Нұрислам Төлеуханов, 9 а сынып оқушысы Аслан Тұраров, 10 а сынып оқушысы Дәби Қабидоллаев және 11 сыныптан Дархан Жақин иеленді.
Теннис жарысының қорытындысы  бойынша ұлдар арасында І орынды 9 а сынып оқушысы Асқар Досымхан, ІІ орынды 10 а сынып оқушысы Аңсаған Қашырбеков, ІІІ орынды 8 сынып оқушысы Серікболсын Қорғанбеков биіктен көрінді. Осы жарыстың қыздар арасындағы қорытындысында І орынды 9 б сынып оқушысы Зарина Акбарова, ІІ орынды 10 а сынып оқушысы  Алтынай Қорғанбекова, ІІІ орынды 9 а сынып оқушысы Тоқжан Шайкамалова иеленді.
Дойбы жарысы 3-5 сыныптар бойынша өтті. Жарыс қорытындысы бойынша І орын 5 б сынып оқушы Асқар Тілеубаев, ІІ орын 3 сынып оқушысы Орал Боранбай, ІІІ орынға 5 а сынып оқушысы Серікжан Болатов ие болды.
Аслан Садықов
Амангелді ауданы,
Жасбуын орта мектебінің дене тәрбие пәнінің мұғалімі  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓