ҰҚК қызметкерлері күш сынасады

Қостанайдағы спорт сарайында жалауы көтерілген 7-ші республикалық біріншіліктің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралы Садуақасов қатысты. Сондай-ақ ҰҚК ардагерлері мен елімізге есімдері белгілі спортшылары біріншіліктің құрметті қонақтары атанды. Жарыс жұма күні мәреге жетеді. Барлық сындардан сүрінбей өткен команда ҰҚК Кубогын иеленбек.
Әлібек
ЫБЫРАЙ
Суретте: жарыстың ашылу салтанатынан көрініс.