Лисаковтан Астанаға дейін

Елордаға дейінгі қашықтық 700 шақырымнан астам қашықтықты құрайды. Осы араны велосипедпен 4 күн жүріп өткен лисаковтық Қайрат Төлебаев және тарандық қос жерлесіміз бұл жорықтарын қазақ хандығының 550 жылдығына арнады. велопробег

Қайрат Төлебаевтың сөзінше, олар Астанаға дейін 760 шақырымды велосипедпен жүріп өткен. Елден қыркүйектің 17-де шығыпты. Веложорық акциясын қазақ хандығының 550 жылдығына арнаған. Қайрат Төлебаев: "Біз үшеу болдық. Таран ауданынан екі адам қосылып мені қолдады. Бұл, біріншіден, салауатты өмірді насихаттау-қолдау болып табылады. Спорт деген – күш. Біз жүрген жерімізде спорттың жас шамасына қарамайтынын, шектеу жоқ екенін дәлелдедік. Ол адамзатты біріктіріп, достық пен татулық және ынтымаққа шақыратынын жеткізуге тырыстық",-дейді. Сапар Таран ауданынан бастау алған. Жолай жорықшылар Лисаков арқылы Әулиекөл мен Есіл және Атбасар елді мекендерін басып өтіп, 20-қыркүйек күні Астанаға табан тіреген. Қайрат Төлебаев: "Астанаға келгесін елордамыздың бәйтерек, ханшатыры мен ақорда сынды маңызы зор ғимараттарында болдық. Жергілікті тұрғындарымен сұхбаттастық. Ең бастысы – осы. Сондықтан, осындай іс-шараны қолдау барысында қаламыз бен облыс көлеміндегі барлық жастарды шақырамын",- деді. Талай жанды соңынан ертіп, салауаттылықты насихаттап жүрген Қайрат Төлебаев бұл дәстүрге айналатын үрдіс екенін айтады. Тек биыл ғана мамыр айынан бастап Қайрат осындай веложорықтар ұйымдастырып, 4 мың шақырымдай жерді жүріп өткен. 





Дархан Аяпбергенов
Лисаков қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓