Білім мен білік биігінде

Мұғалімдер күні қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов білім саласында жетістіктерімен ерекшеленген педагогтарды марапаттады.
мұғалім at 11.45.58Биыл облыста төрт мұғалім ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері атанса, екі ұстазға Ы.Алтынсарин төсбелгісі берілді. Білім және ғылым министрлігінің грамоталары мен алғыс хаттарына 120 педагог ие болды. Тағы 153 мұғалімге облыстық деңгейдегі марапаттар табысталды.
мұғалім1.46.05
Қазіргі жағдайға байланысты салтанатты шара шағын залда өткізілді. Оған 12 педагог қатыстырылды.
мұғалім 11.46.01
– Қостанай облысының білім саласында 20 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді. Биыл 417 жас маман алғаш рет жұмысқа кірісті, олардың жартысынан көбі (232) ауыл мектептеріне барды, – деп атап өтті аймақ басшысы.
мұғалім әкім 2020-10-02 at 11.46.02Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын іске асыру үшін өңірде 14,1 млрд теңге қаржы қаралған. Оның басым бөлігі еңбекақыны көтеруге жұмсалады. Биыл қаңтардан бастап мұғалімдердің айлық табысы 25% көбейді. Облыс әкімі келер жылы тағы осынша қосылатынын айтты. Бүгінде өңірдегі педагогтардың орташа жалақысы 200 мың теңгеге жуықтайды.
мұғалім 11.46.04Салтанатты шарада облыс басшысының қолынан марапат алғандардың қатарында Қостанайдағы №115 орта мектептің директоры Жантөре Ысқақов та бар. Оған «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі берілді.
– Білім саласында жұмыс істегеніме отыз төрт жыл. Оның ішінде жиырма жылдан артық мектеп директоры қызметін атқарып келемін. Өзімнің пәнім орыс тілі мен әдебиетінен «педагог-шебер» дәрежесін алдым. Мектебімізде 646 бала оқиды. Соңғы оқу жылдарында оқушыларымыз қалалық, облыстық олимпиадаларда жарқырай көрініп жүр. Мұғалімдеріміз де республикалық деңгейдегі марапаттарға қол жеткізіп жатыр. Осындай еңбегімізді елеп жатқанына қуаныштымын, – дейді Жантөре Мұхтарұлы.
мұғалім 2020-10-02 at 11.46.03Марапаттау кешінде «Үздік педагог» республикалық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары да сый-құрметке кенелді. Аталмыш сайыста өңірдің 35 мұғалімі бақ сынап, алтауы жеңіске жетті. Олар өңір басшысының қолынан 300 АЕК (833 мың 400 теңге) көлемінде сыйақы сертификаттарын алды.
мұғалім 11.46.24Мерекелі шара соңы онлайн жиынға ұласты. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өңірлермен тікелей байланысқа шығып, «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтады. Облыстық кезеңде бағы жанған алты жеңімпаздың төртеуі республика бойынша да үздіктер қатарынан көрінді. Жеңімпаздарға тағайындалған 1000 АЕК (2 млн 778 мың теңге) көлеміндегі сыйақыны облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова табыс етті. 
мұғалім 11.46.23Үздіктердің бірі – Қостанай құрылыс колледжінің оқытушысы Ләззат Ерденова. Ол өзінің жеңісін ұжымның жетістігі деп атады.
мұғадім 2020-10-02 at 11.46.27«Колледжде екі жүзге жуық оқытушылар мен өндіріс шеберлері бар. Бәрі мені қолдады. Мұндай жетістікке былтыр әріптесім Динара Сейтжанова жеткен еді. Табысты ұйымдастырушы ретінде бүгін колледж директоры Арман Жақанұлы да марапатталды. Шәкірттеріміздің де нәтижелері көп. Басқаны айтпағанда, Максим Рюмин деген түлегіміздің аты Қостанай облысы жастарының алтын кітабына жазылды. Ол Мәскеуде өткен халықаралық ІТ байқауының жүлдегері. Максим биыл оқуын аяқтап, бір компанияға лауазымды қызметке орнықты. Осындай шәкірттерімізбен мақтанамыз», – дейді Ләззат Ерденова.
мұғалім6Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Үздіксіз білім беру» тұжырымдамасын дамытуда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта облыс колледждері «Жас маман» республикалық жобасына жыл сайын қатыстырылмақ: 2020 жылы 3 колледж, 2021 жылы 7 колледж. Оған биыл шамамен 1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат түлектердің білімін, бәсекеге қабілетін арттыруға жұмсалады.
Аслан ҚАНҒОЖИН
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓