Погонды парақор

Қостанай гарнизонының әскери сотында  ҚР ҚК-нің 366 бабы 3-бөлігінің 1-тармағында (лауазымды адамның айтарлықтай мөлшерде бопсалау арқылы пара алуы) көзделген қылмысты жасаған үшін шенді тұлға сотталды. Ол – 6697 санды әскери бөлімнің бұрынғы жауынгерлік дайындау бөлімшесінің бастығы майор Қ.Ж. Темірболатов.
Айыпталушы лауазымды тұлға ретінде 2016 жылғы 9 желтоқсанда, Қостанай қаласында, бопсалаушылық арқылы аталмыш әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі ефрейтор В.В. Самойловтан жалпы қамқорлық жасау үшін 150 000 теңге көлемінде пара алып, сол күні-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрығына түскен еді.
Сот оның кінәлі дәлелдеп берді. Мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-қа, алған парасын жетпіс есе қылып қайтару міндеттелді, яғни 10 500 000 теңге сомасында айыппұл төлейді.
Оған осыған дейін қолданаған үйде камап ұстау бұлтартпа шарасының күші жойылды.
ҚР-сы Қылмыстық кодексінің 49 бабына сай сотталушы «майор» әскери атағынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓