Астыртын казино әшкереленді
Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті заңсыз казино жұмысын әшкереледі. Бұл туралы alau.kz тілшісі жазады.
"11 сәуірде Қостанай қаласындағы жедел іздестіру шаралары кезінде астыртын казино ұйымдастырғандар қолға түсті. Олар әуелі ақша жүктеп, кейін құмар ойынға қатысуға мүмкіндік беретін ойын аппараттарын орнатқан", – дейді департамент қызметкерлері.
Заңсыз ойын бизнесін жүргізуші азаматтар анықталып, тергеу жалғасып жатыр.