ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді сату бүкіл әлем бойынша басталды
2016 жылғы 10 маусымнан бастап Астанада өтетін ЭКСПО-2017-ге билеттерді онлайн сату іске қосылды. Билеттік бағдарлама әрбір қазақстандық Көрмеге келуге мүмкіндікке ие болатындай әзірленген.
Астанадағы Көрменің билеттік бағдарламасы ЭКСПО-ны өткізудің әлемдің тәжерибесіндегі бірегей болып табылады. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы қатысушылары және мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жетім балалар және 6 жасқа дейінгі балалар Көрмеге еркін қолжетімділікке ие болады. Жеңілдікпен билеттерді зейнеткерлер, көп балалы аналар, студенттер және оқушылар ала алады.
Көрмені өткізу кезеңінде 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллион келу күтілуде. Қазіргі уақытта 89 ел және 15 халықаралық ұйымдар ЭКСПО-2017-ге қатысуын растады.
Билеттер және басқа билет өнімдері сатуға кезең-кезеңмен шығады. 10 маусымнан бастап 10 шілдеге дейін промо-кезең өтеді, оның ағымында барынша төмен баға бойынша билеттерді сатып алуға болады. Сөйтіп, 10 – 20 маусымда 50% жеңілдік қолжетімді болады. 21-30 маусымда 30% қолжетімдік болады, 1-10 шілдеде 20% қолжетімділік болады.
Сонымен қатар, 10 шілдеден бастап 10 тамызға дейін туроператорлар мен реселерлер үшін промо-кезең әрекет етеді. Ү.ж. 1 қыркүйектен бастап бүкіл Қазақстан бойынша офлайн кассалар ашылады. Ұлттық мерекелерді өткізу шеңберінде билеттерді шығып сатуды ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Көрмеге билеттерді іске асыруда ЭКСПО-2017 әріптестері –«Қазпошта» АҚ, АО «Қазақстан темiр жолы» ҰК», «Air Astana» АҚ іске қосылады.
Жалпы, билеттерді сату 2016 жыл ағымында және 2017 жылғы 9 маусымға дейін жүргізіледі.
Билеттерді www.tickets.expo2017astana.com сайтынан алуға болады.
Билеттік бағдарлама туралы толығырақ 2016 жылғы 13 маусымда Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтылады.