Бұл заңды көптен күттік

Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Тәуелсіз Қазақстанның әскерлерінің алдыңғы шебінде болған, Тәжікстан-Ауғанстан аумағында ТМД-ның шекарасын қорғауды күшейтуде өз міндеттерін мінсіз орындаған біздің сарбаздарымыз үшін жақсы жаңалық, қуанышты хабар жетті. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды.
әскери
Осы Заңға сәйкес, 1997-2001 жылдары арасында тәжік-ауған қақтығысына қатысқан сарбаздарға ардагер мәртебесі беріліп, оларға жеңілдіктер қарастырылған. Бұл заңды біз көптен күттік. Осы заңды қарастырып, қабылдаған Парламент депутаттарына айтар алғысымыз шексіз. Біз әрқашан еліміздің ішкі саясатын, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі ұстанып отырған саясатын қолдаймыз.
Тәжік-ауған соғысының барлық ардагерлерінің атынан бүгінгі 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және келе жатқан Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен барлығыңызды құттықтаймын. Қазақстан болашақта дами берсін, экономикалық қуатты мемлекет болсын. Ал біз өз тарапымыздан елімізді дамыту жолында әрқашан еңбек ете беретін боламыз.
Асхат МЫРЗАХМЕТОВ,
«Ардагерлер Одағы (Тәжік-Ауған
шекарасында жауынгерлік қимылдарына
және әскери қақтығыстарына қатысушылардың)»
Қостанай облысы бойынша
республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓