COVID-19: +51
17 шілдеде Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 51 адам жұқтырған. OVID-19 жұқтырған 33 адам – Қостанай қаласы тұрғыны, Жітіқара қаласынан 1, Қостанай, Мендіқара және Алтынсарин аудандарынан 3 адамнан індетке шалдыққан. Сондай-ақ, Қарабалық, Қарасу, Әулиекөл аудандарынан 1 адамнан инфекцияға шалдыққан. Ұзынкөл ауданында 5 адам ауырған. Ауырғандардың 23-і ер адам және 28-і – әйел.
Пациенттер ЖРВИ белгілерінің пайда болуына байланысты, көмекке өз еріктерінше жүгінген, сондай-ақ профилактикалық мақсатта тестілеуден өту кезінде COVID-19-ға тексерілді.
17 шілдедегі жағдайы бойынша, аймақта COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1849 адамға жетті, жазылып шыққандары – 874.