Донор болу – сауапты іс

14 маусым – дүниежүзілік донорлар күні. Жыл сайын бұл күнді қан орталығының қызметкерлері ғана емес, донор болуға ниетті әрбір қайырымды жандар да белсенділікпен атап өтеді. IMG_0578Бүгін қаламыздағы Достық үйінде облыстық Қан орталығы ұйымдастырған дәстүрлі шараға адам өміріне арашашы болуға ниеттеніп, өтеусіз қан тапсырғысы келгендердің қарасында шек болмады.IMG_0559-Жыл сайын қан тапсыруға ниетті адамдардың көбейіп келе жатқандығы қуантады. Бүгінгі шараға да жасы мен қызметіне қарамай, ниет білдіргендердің қатарының артып отырғандығын көріп қуанып отырмыз. Мұндай сауапты іске белсене қатысқан донорларымызға айтар алғысымыз да шексіз. Жалпы, қан тапсыру сауапты іс әрі оның адам денсаулығына да пайдасы зор. Қан тапсырғанда адамның қан айналу және иммундық жүйесі жасқарып, жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік ауруларына шалдықпайды. Ең бастысы, донор өз денсаулығын тексертіп, өзге жанның өмірін сақтап қалады, – дейді облыстық Қан орталығының дәрігері Светлана Васильевна.IMG_0555Ал, кешкісін Жеңіс саясабағында белсенді донорлардың құрметіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, үздік донорлар марапатталмақ.IMG_0545
 
Қарлығаш ОСПАНОВА.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓