“Қазпошта” АҚ қызметкерлері сотталды

Таран аудандық сотының үкімімен «Қазпошта» акционерлік қоғамында жұмыс істеп зейнетақы мен жәрдемақы ұрлаған үш азаматша сотталды. Олар бұған дейін ақша ұрлағандары үшін аталған сот үкімімен шартты мерзімге жазаланған болатын. 31032015_19-01-44Аудандық сот жуырда 50 жастағы Людмила Реймерге, 49 жастағы Светлана Митак пен 62 жастағы Орынтай Қанапияноваға айыптау үкімін шығарды. Олар қызметтік лауазымдарын пайдаланып, өзгенің мүлкін талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танылды.
Қылмыстық іс материалдары бойынша «Қазпошта» АҚ Қостанай облысы филиалының Таран ауданының Майское ауылдық байланыс торабы бөлімшесінің басшысы қызметін атқарған Людмила Реймер оператор О.Қанапиянова және маман С. Митакпен келісім арқылы 2012 жылдың 11-қаңтарынан  2014 жылдың 16-маусымы аралығында аудандық поштаға өздігінен келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандардың есепшоттарынан қаражат жымқырған.
«Қазпошта» қызметкерлері еш таңдаусыз барлық азаматтардың есепшоттарынан түрлі соммада ақша шешіп алып отырған. Осылайша, олар қатарында зейнеткерлер, мүгедектер, жесірлер мен жетімдер бар аудан тұрғындарының қаражатын ұрлаған. Қылмыстық жолмен тапқан 6 млн. теңгеден астам қаражатты сотталушылар өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Тергеу кезінде 1 млн. теңге қайтарылған.
Сот үкімімен үшеуі де қылмыстық әрекетте айыпты деп танылды. Л.Реймерге мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Орынтай Қанапиянова мен Светлана Митакқа жалпы тәртіптегі колонияда 5 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырып, мүліктерін тәркілеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот сотталушылардан «Қазпошта» АҚ пайдасына 5 млн. теңге көлемінде залалды өндірді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Облыстық соттың баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓