Жол апатына ұшырағандардың халі мүшкіл

Кеше жол апатына түскендердің халі мүшкіл. Апатқа ұшыраған анасы мен балаларының жағдайы тым ауыр. Қазір 4 жасар Оля мен 6 жасар Аглая Сысоевалар облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды kstnews.kz.JhZZ1Cpt9wc Апаттан соң зардап шеккен балаларды дереу ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер отаға кіріскен. Екі баланың да ішкі ағзалары жарылған. 6 жасар Аглая әлі ес-түссіз жатыр. Бассүйек-ми жарақаттарын алған. Ал, сіңілісі Оляның қабырғалары сынып, талағы жарылды. Бірақ қазір оның жағдайы бір қалыпты дейді дәрігерлер.
Балалардың анасы қалалық ауруханада. Бас дәрігер Самат Шүменбаевтың айтуынша, оның бассүйегі жарақаттанып, сүйектері сынған. Оның үстіне, әйелдің апаттан соң есеңгіреп, есінен айырылып қалу қауіпі бар. Бүгін оны отаға әзірлеуде. 
Ал, Қостанайдағы қайырымды жандар әлеуметтік желі арқылы жиналып, ағайынды қыздарға қан тапсыруды ойластырыпты. Облыстық арухуана дәрігерлері бұл игі істі қолдағанымен, жаппай қан тапсырудың аса қажеттілігі жоқ дейді.
-Егер қан керек болса біз хабарлаймыз. Кішкентай қыздарға аз мөлшердегі қан жетеді, бүкіл қала тұрғындарын жинау керек емес. Алайда, біздің басқа емделушімізге қан қажет. 5 жасар Сергей Чертановтың халі мүшкіл. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Көп қан жоғалтты. Оған әлі көптеген күрделі операциялар жасалады. Сондықтан, сол бала үшін қан тапсыруды сұраймыз,-дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Сон. 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓