Кысқа әзірлік қарқын алуда

Қақаған қыс айларында басқа қалаларға қарағанда қостанайлықтар жөнсіз тоңып, жаурамайды. Үйінің жылылығына риза тұрғындар жылу жүйесі мамандарына риза. "Үнемі осылай бола берсе екен" деп оларға сенімін артады.
жылу
Бұл тұрғыда Қостанай жылу энергия басқармасының беделі артып тұр. Жылу беру мерзімінде жауапкершілікті терең сезінетін де солар. Олар абыройлы іске мін келтірмеуге бүгінгі күні де тырысуда. Алдағы маусымға әзірлік жасауда.
Енді жоспарлы істерге тоқталайық. Бұлар – суық судың, ыстық судың және жылу жүйесінің құбырларын алмастыру, түрлі арматуралық бұйымдарды жаңарту және басқалар. Сонымен қатар подъездер, үйлердің төбесі жөнделеді.
Белгіленген шараларды жүзеге асырумен пәтер иелері тұтынушылар кооперативтері айналысады. Оларға жұмыстарды қандай уақытта үлгірту кестесі ұсынылды. Мәселен, "Железнодорожник" (Темірбаев көшесі, № 39 үйде) үйлердің төбесіне ағымды жөндеу жүргізеді. "Арман" кооперативі (Герцен көшесі, 42 үйде), "Восход" кооперативі  (Гагарин көшесі, 139 үйде) тиісті жөндеу жұмыстарына жауапты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓