Шағын кәсіпкерлік -табыс көзі
Шағын кәсіпкерліктің де қарқыны артуда. Олар 36,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 112 пайызға артық.Айта кету керек, жаңадан бір жүз отыз алты кәсіпорын тіркелді. Мұнда екі жүзден астам адам жұмыс істейді.Бизнес бағдарламаларының ішінде "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының беделі жоғарылады. Бірінші бағыт жаңа бизнесмендерге арналған.
Банк несиелерімен субсидиялау қолға алынуда. Он алты жоба мақұлданды. Оған 617,1 миллион теңге жұмсалады.
Банк несиелерін кепілдендіру дұрыс жолға қойылды. Үш жобаға қырық миллион теңге бөлінген.
Биыл өндірістік инфрақұрылымдарды дамытуға көңіл бөлінуде. "Авиационная" көшесін қайта қалпына келтіруге екі жоба таңдалды. Мұнда автокөлік жолдары жөнделеді. Үй құрылысы комбинатына баратын алаңның инженерлік коммуникация құрылымы жөнделеді. "Чижов" жеке кәсіпкерлігі ұйымына газ құбыры өткізіледі.
Келесі бағыт бойынша кәсіпкерлерге қаржылык жеңілдіктер жасау қарастырылған. Бұған да тиісті жобалар ықпал етеді.