Шілдеде он күн демалыс
Алдағы шілде айында қазақстандықтар қатарынан 3 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Демалыс күнін 2021 жылы ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 қаулысына сәйкес, демалыс күні 2021 жылғы 3 шілде сенбіден 5 шілде дүйсенбіге ауыстырылған. Ал 6 шілде – елорда күні. Осылайша, 4, 5, 6 шілде демалыс болғалы тұр. Жалпы, Қазақстан тұрғындары шілде айында 10 күн демалады.
Айта кетейік, 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде тойланады.