WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

WhatsApp өкілдері мессенджердің жаңа функцияларын таныстырды, – деп хабарлайды WaBetaInfo.вацап
Портал мәліметінше, WhatsApp-та енді жаңа үш функция пайда болады.
Кеңейтілген іздеу
Мессенджерде хабарламаларды іздейтін функция кеңейтіледі. Қолданушылар фото, аудио, гиперсілтеме, GIF-файл мен құжаттарды іздеу батырмасы арқылы таба алады. Жаңа параметрлер былай белгіленеді:541bd07c877a8b127fad8a65c5ed842c
Құпиясөзбен резерв сақталуы
Кез келген құжаттың резерв құпияссөзін енді сегіз таңбалы сөзбен сақтауға болады. Бұл Google Диск сервисіндегі хабарламалардың резерв көшірмелерін сақтайды.fe6fae0f7605b5e567eb9b4c019eaab5
Автомат түрде жүктелу
"Жиі жіберілетін" фото, аудио мен құжаттар енді автомат түрде жүктелмейді. Қазір мұны мына параметрлер бойынша орнатуға болады: Настройки WhatsApp"> "Настройки чатов".
Бұл функциялардың әзірше қашан пайда болатыны белгісіз. Компания өкілдерінің болжамынша, мұны енгізуге бірнеше ай қажет.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓