Жолақы төлеу тәртібі өзгереді

Қостанай қаласында 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесі енгізіледі. Төлем картасы қазіргі уақытта «MART»,  «Kostanay Plaza» ойын-сауық орталықтары мен ЦУМ, «Балалар әлемі», «Азия» сауда үйлерінде (Чернышевский көш) сатылып жатыр. Бул туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен брефингте айтылды.
Жаңа жылға дейін қоғамдық көліктердегі жолақы төлеу тәртібі бұрынғыдай сақталады. Жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап жаңа жүйеге көшеміз. Яғни, 1-қаңтардан бастап карта арқылы 80 теңге, қолма қол төлеу 150 теңге болады. Картаның үш түрі бар: балаларға, зейнеткерлерге және ересектерге арналған. Олардың түстері де әралуан. Әр картада оның иесі туралы мәліметтер жинақталады. Егер картаны жоғалтып алсаңыз, қайтадан қалпына келтіре аласыз. Жобаны жасаушылар алғашында ересектер картасын 500 теңге деп белгілеген. Бірақ, әкімдік басшылығының өтінішімен, жаңа жылға дейінгі қырық күнде жеңілдік жасапты. Акция бойынша көлік картасын 370 теңгеден сатып аласыз. Бұл жеңілдік екі айға ғана арналған. Сондай-ақ жолақыны кез келген банк картасы, ұялы телефондағы қосымшалары,  QR-код  пен СМС-төлем  арқылы да төлеуге болады.
Жаңа жобаны «Алемпей» ЖШС жүзеге асырады.  Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Наурызбай Мусиннің айтуынша, бұл жүйені енгізудің мақсаты  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
IMG_2598 IMG_2604 IMG_2680 IMG_2687
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓