МӘРЕДЕ – ӘУЕСҚОЙ СПОРТШЫЛАР

Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» даму Стратегиясының маңызды басымдықтарының қатарында денсаулық, білім беру мен қазақстандықтардың әл-ауқаты, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру бар. ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Денсаулық фестивалі» акциясы Қостанайда да жалғасты. 6-11 маусым аралығында осы шара «Біз салауатты өмір салты үшін!» ұранымен әр аудан, қалаларда ұйымдастырылған. Спорттық іс-шаралар, викториналар мен қозғалмалы ойындар, интернатты-үйлердегі тәрбиеленушілер үшін тренингтер өтіп, емхана қабылдауларында түрлі тақырып бойынша дәрігерлермен кеңес жүргізу бұрышы ашылды.  
WU-M-Z090BI
«Орталық» стадионда Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығының мұрындық болуымен жалпықалалық таңғы жаттығу өткізілді. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Бибігүл Аққожина барша қала тұрғындарын спортпен айналысуға шақырды. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы бұқаралық спорттың дамуы жайында сөйледі. Сондай-ақ, тәжірибелі мамандар зиянды  әдеттерден арылу және дұрыс тамақтанудың  негіздері  бойынша  кеңес  берді.
Әуесқой спортшылар 400 метрге жүгіріп, содан соң мәреге «Денсаулық марафонына» қатысушылар шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓