Жаңбырдың зияны тимейді
Екі күннен бері Қостанайда жаңбыр толассыз жауып тұр. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының берген мәліметеріне қарағанда мұның егінге пайдасы тимесе, ешқандай зияны жоқ. Осының алдында Жанкелдин (24 мм), Аманкелді (22) Жітіқара (25), Қамысты (21), Денисов (23) аудандарында жаңбыр жауған еді. Енді желдің бағыты өзгеріп, нөсер облыстың солтүстік-орталық бөлігіне ауысқан. Ең көбі – Қарасу ауданында екі күн бойы жерге 91 мм ылғал түскен. Топыраққа сіңген ылғалдың мөлшері Қарабалықта-44 мм, Қостанай ауданында – 45 мм, Меңдіқарада-76 мм, Сарыкөлде-74 мм, Таранда-72 мм, Ұзынкөлде-56 мм, Федоров ауданында-36 мм-ге жетті.
-Бұдан еш қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, егіннің бітік шығуына себі тиеді. Тек, енді күннің көзі ашылса болды, – дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім меңгерушісі Сәлімжан Есенаманов.
Әлібек ЫБЫРАЙ