COVID-19: +64

9 қаңтар Қостанай облысында 64 адамнан коронавирус табылды.
Індетке Қостанай қ.  31 адам, Рудный қ. – 14, Қарабалық ауданында – 6, Жітіқара қ. – 5, Алтынсарин ауданында – 3, Меңдіқара ауданында – 3, Амангелді, Ұзынкөл аудандарда 1 адамнан шалдыққан.
52 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 9 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 45 адамда ауру белгілері болды, 19 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 9 қаңтар аралығында COVID-19-ды 8105  адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 7326.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓