Тамақтан уланып қалудан абай болыңыз

Жаңа жыл мерекесіне санаулы күндер ғана қалды. Әйтсе де, мереке күндері шамадан тыс тамақ пен ішімдік ішіп, ауру тілеп алатындар да жоқ емес. Сондықтан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары алда келе жатқан төрт күн демалыста мынадай қағидаларды сақтауды ұсынады. Ең бастысы, азық-түлік сатып аларда қырағылық танытып, тауардың жарамдылық мерзімін қадағалау қажет. Ал мерекелік дастархан үстінде тамақтану әдебін сақтаған жөн. Сондай-ақ, ас үйде қарапайым гигиена ережелерін сақтау керек.
санэпид
-Аспаздың таза қолы – азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы табыстың 30%, сондықтан жеке гигиена, азық-түліктерді дұрыс сақтау және қажетті жылу өңдеу туралы есте сақтау қажет. Белгіленбеген сауда орындарынан, адамдардан тамақ өнімдерін, әсіресе үйде дайындалған консервілерді сатып алмаңыздар, бұл ботулизммен ауыруға алып келуі мүмкін. Республикада жыл сайын үйде дайындалған консервілерді (көкөніс салаттары, саңырауқұлақтар) пайдаланумен байланысты өліммен аяқталған ботулизм жағдайлары тіркеледі. Өткен жылы елімізде ботулизмнен зардап шеккен 58 адам тіркелді. Дегенмен, тек сатып алынған тағам ғана емес, сонымен қатар үй тамағы да денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін. Мерекелік үстелге тағамдар дайындау кезінде оларды сақтау және пайдалану мерзімін сақтаңыздар, шикі және дайын тағамдарды бірге сақтауға жол бермеңіздер, ал сапасыздыққа аздаған күдік пайда болғанда, әсіресе өткен кештен қалған тағамдарды пайдаланбау керек. Жеке гигиена қағидаларын және тазалықты сақтаңыздар. Жаңа жылдық мереке кезінде келесі демалыс күндеріне арнап тамақты молынан дайындамаңыздар. Құс етінен жасалған, жұмыртқа қосылған дайын тағамдар, майонез және қаймақ қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер барынша үлкен қауіп төндіреді, – дейді санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Наталья Гаценбеллер.
Қыс мезгілі әр түрлі вирустық инфекциялардың белсенді таралу кезеңі, сондықтан мамандар адамдар көп жиналатын жерлерге де мұқият қарау керектігін ескертеді. Мәселен, балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өтетін ғимараттар, үй-жайлар міндетті түрде тазаланып, желдетілуі тиіс. Сондай-ақ, мамандар мұндай іс-шараларға медицина қызметкерінің де міндетті түрде қатысуы керектігін ескертеді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓