Тұрғындарға тегін кеңес

Жұмыс беруші мен жұмысшы арасында жалақы төлеу, құқығын шектеу және басқа да мәселелер бойынша даулы проблемалар әр аймақта туындап отырады. 
Қостанай облысы Кәсіподақтар орталығы мен  ауылшаруашылық қызметкерлері салалық кәсіптік одағының облыстық филиалымен бірігіп қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда заңгерлер тұрғындардың әр түрлі сұрақтарына жауап берді.IMG_0507
Заңгер Зәуре Жұмабекованың айтуынша, жұмысқа қабылданушы алғашында Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартына аса мән бермейді. Ал кейіннен әр түрлі құқықбұзушылықтар шығып жатады.
– Қолданыстағы заңнаманың, ұжымдық шарттар мен келiсiмдердiң ережелерiн қолдануда жұмыс берушi мен қызметкерлер арасында өзара келісім орныққан жағдайда ғана нәтиже жақсы болмақ. Еңбек қатынастары ҚР Еңбек кодексін және басқа да қолданыстағы заңнамалық құжаттарды, нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алып жасалынған ұжымдық шарттың негізінде реттеліп отырады. Бұл кез келген кәсіпорын қызметкерлерінің алаңсыз жұмыс істеуіне, еңбек өнімділігінің жоғары болуына және табыстың еселеніп артуына мүмкіндік туғызады, – деді заңгер.
Егер де адам зейнет жасына дейін мемлекеттік қызметте істеп болса, онда жұмыс беруші онымен келісімшартты бұзуға құқылы. Алайда, бұл маман қызметке қажет білікті маман болса, жұмыс беруші онымен келісімшартты ұзартуға құзырлы. Зәуре Жұмабекова зейнеткерлер осы мәселемен көп хабарласады деді.
Қазір Қостанай облысында 120 мыңнан астам адам кәсіподақтардың мүшелігіне кірген. «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Екатерина Смышляева оларға түрлі әлеуметтік қолдаулар мен арнайы кәсіподақ дисконт карталары ұсынылатынын айтты.
 
Суретте: заңгергер тұрғындарға тегін кеңес беруде
Суретті түсірген Айбек Жүзбай
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓