Өзіміздің өнім өзгеден артық
Елімізде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін іргедегі Қытайға сатудың қандай қиындығы бар?
Соңғы кездері дәл осы тақырып қозғалғалы бері қисынды-қисынсыз әңгіме де көбейіп кетті. Онсыз да қазақтың еті мен қауын-қарбызы берісі Ресейде, арысы Еуропада саудаланып жатыр емес пе? Мыңдаған шақырымға шаршамай жеткізген қандастарға дәл иектің астында тұрған көршіге тасымалдау әлдеқайда жеңіл ғой. Оның үстіне, кәрі құрлықтағы барша елді қосып санасаң да 1,3 млрд.-тан асқан қытайыңның жартысына да жетпейді. Осыншама алып нарық жанымызда жатқанда біз «ол жаққа сату керек пе, өзімізге де жетпей қалмай ма, қытайың ала ма?» деген сыңаржақ сөзді қарша боратып жатырмыз. Тоқтаңыз, алдымен дәл сол көршіміздің өзі қоймай сұрап жатқанын білесіз бе?
«Қазақтың өнімдерін сату – менің жұмысым»
"Қазақтардың ауыл шаруашылығында дайындайтын қайбір өнімі де экологиялық тұрғыдан өте жоғары сапаға ие",-дейді өткен аптада журналистермен арнайы басқосу ұйымдастырған Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй.
Негізгі міндетімнің аясында сіздердің осы саладағы тауарларыңызды біздің үлкен нарыққа шығаруға барынша талпынып жатырмын. Ең әуелі қазақ өнімдерінің экологиялық таза өнім екендігі туралы ақпарат құралдарында молынан мақалалар шықты. Содан кейін алғашқы тауарлар дүкен сөрелеріне қойылғанда, халық таласа сатып алды. Себебі Қытайда құрамында ГМО-сы бар тауарлардан тұтынушылар зәрезап болған. Миллиардтан астам адамды асырау үшін бізге Еуропадан, АҚШ-тан да азық-түліктер жеткізіледі. Олардың басым бөлігі ГМО қоспасымен дайындалған. Әрине, бұларды тұтынушылардың арасында ағзасында түрлі ауытқушылықтардың пайда болатынын медицина ғылымы дәлелдеп отыр. Ал Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласында ГМО қолданбайды, өйткені оны қосудың мүлде қажеттілігі жоқ. Бұл жайында естіген қытайлық инвесторлар қазір Астанаға арнайы келіп, Үкіметпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Біз, әрине, ортақ шешім тапқан соң мол қаржыны қазақтың ауыл шаруашылығын дамытуға саламыз. Бүгінде әлемдегі технологияның 50 пайызы Қытайда дайындалады. Егер жаңарған технологиялар қазақ жерінде қолданылса, өнім түсімі де бірнеше есеге артатындығы сөзсіз. Ал, алынған өнімді шекарадан өткізіп сатуға алаңдамаңыздар. Ол – тікелей менің жұмысым.
Осылайша, екі елдің экономикалық тұрғыдағы байланысын жаңа деңгейге көтеруді көздеген елші саладағы тың жобаларын бөлісті. Мәселен, биыл Бейжің Астанаға қазақтардың 500 мың қойын тірідей сатып алуға ұсыныс білдіріп отыр. Ал, келесі жылы 1 млн. қой сатып алмақшы. Чжан Ханьхуэй мырза мұның себебін Қытайда тұратын мұсылмандар мен ГМО-сыз өнімді тұтынушылардың көбейетіндігімен байланыстырып отыр. Қой етін, негізінен, Австралиядан алдыратын мемлекет мұхиттың арғы жағына қарағанда көрші қазақтардан жеткізетін жануардың шығыны әлдеқайда төмен деп есептейді. Демек, енді «мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп мақалдататын жаңа кезең келгелі тұр.

Қытай бағыты қалай таңдалды?
Таяуда Ауыл шаруашылығының алқа мәжілісінде министр Асылжан Мамытбеков қарамағындағыларға жылдың қорытынды жиналысының кеңестік үлгіде ұйымдастырылғанына реніш білдірді. Негізінен, кілең мақтаныш үшін айтылатын сандар мен сөз жүзінде жоспарларды асыра орындаушылықтың зардабы неге соқтыратындығын шынында да сол дәуір дәлелдеп берген еді. Бесжылдық жоспарларды құжат жүзінде ғана жалаулатып орындаушылықтың соңы экономикалық тоқырауға ұшыратқанын ел ұмыта қойған жоқ. Демек, дәл осы ауыл шаруашылығында жалпылама шаруа емес, алда атқарылатын ауқымды жобалар мен оған кедергі келтіретін келеңсіздіктерді жою туралы мәселе қабырғасынан қойылуы керек. Ойды осылай өрбіткен министр Мамытбеков өзі басқарып тұрған сала үшін дамудың басты тетігі ретінде Қытай тарапына экспортты арттыру міндетін қойып отыр. Әрине, бүгінге дейін сауда нарығын Кедендік одақ аясындағы екі елден іздеп келген Қазақстан Үкіметінің бұл қадамын қалай түсінуге болады?
Негізінен, Қытай еліміздің экологиялық таза әрі сапалы тауарын алуға дайын. Бұған Қытай үкіметінің жаңашыл саясаты себеп болып отыр. Мәселен, бұрынырақ Қытай өзінің өте үлкен халқын қандай да болмасын азық-түлікпен қамтамасыз ету міндетін алға қоя отырып, тұтынылатын тауардың сапасы мен экологиялық мәселелерін ескермей келген болатын. Сапасы төмен әрі ГМО қосылған тауарларды тұтынып әбден тойынған Қытай 2015 жылдың қараша айында өткен Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің пленумында Қытай үкіметі өз халқын экологиялық таза, яғни ГМО-сыз азық-түлікпен қамтамасыз етуге бел буды. Дәл осы шешім Қазақстанның «Органикалық өнім өндіру туралы» заңымен тұспа-тұс келді. Сонда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде көріпкелдік қасиет бар ма? Әлде бұл кездейсоқтық па, я болмаса жоспарлы жұмыс па? Десек те, заң жобасын мақұлдау ұзақ та қарқынды жұмысты талап ететіні баршамызға мәлім. Біріншіден, оны салааралық бірлестіктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен, мәжіліс, Сенат тағы бар дегендей, осы үрдістің өзі бір жылдай уақытты қамтитыны анық. Ал, қазақстандық тауарлардың, әсіресе, экологиялық тазалығы, сапасы, құнары және басқа да талаптарға сай келетіні сөзсіз, әрине. Себебі біздегі өнім химиялық қоспасыз, тек биотехнологиялар көмегімен өсіріледі. Сондықтан мұндай таза табиғи өнімге нарықтағы сұраныс әрдайым жоғары. Яғни осы бағыттағы атқарылған ауқымды жұмысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің әлемдегі тенденцияларды алдын ала анықтай ала, дұрыс стратегиялық жоспарлаудың нәтижесі деп санауға болады. Енді жаңа құжат мақұлданғаннан кейін Қытай тарапы біздің өнімдерге шекараны ашып, тіптен инвесторлары да ағылып келе бастағанына куә болып отырмыз.
Енді «миллиардтаған Қытай нарығын Қазақстан экологиялық таза, сапалы өнімдермен қамтамасыз ете ала ма?» деген сауал туындап отыр? Осы тұста да министрлік бір қадам алда жүрді. Шаруалардың ұсақтығы, өткізу нарығына қолжетімділіктің төмендігі, тұрақты шикізат қорын құру, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б мәселелерді шешу үшін тың құжаттың әзірленуіне итермеледі. 2015 жылдың 29 қазанында Мемлекет басшысы «Ауыл шаруашылығы кооперациялары» туралы жаңа заңға қол қойды. Бұл құжатта да кооперативтердің статустары, жыл сайынғы табыстарды бөлу, ревизиялық тексерістер ұйымдастыру, өз мүшелеріне тауарды өзіндік құн есебімен сату және арнайы салық режимін қолдану мен ішкі аудит құнын 50 пайызға дейін субсидиялау жайы түбегейлі шешілген. Ең бастысы, өз алдына ұсақ-түйек шаруашылықтардың басын кооперация қосып, экономикалық ірілендіруге жол ашады. Осы қадам арқылы саладағы еңбек өнімділігінің тұрақтылығы мен жоғарылауына қол жеткізу көзделуде. Ал кооперацияны дамыту үшін министрлік субсидиялау ісін барынша оңтайландыруға көшуде.
Осы бағытта жүзеге асырылған оң өзгерістер мен жаңалықтардың бірі Қазақстанның Халықаралық эпизоотиялық бюроның қолдауымен 9 облыс бойынша (Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан) вакцинасыз аусылдан таза аймақ статусын алуы. Бұл статус өз кезегінде отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне еш кедергісіз мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерге шығаруға мүмкіндік бере отырып, біздің бәсекелік артықшылығымызды нығайтады. Бір айта кетерлігі, бүгінде бұл мәртебеге тек Қазақстан ғана қол жеткізген екен. Мәселен, Қытайға көршілес Ресей мен Қырғызстан мемлекеттерінде мұндай мәртебе әзірше жоқ.

Субсидия қайтарымсыз қаржы емес
Субсидия Дүниежүзілік сауда ұйымына кірерде Қазақстан тарапының алдындағы ең үлкен мәселенің біріне айналды. Өйткені ДСҰ-ға таяуда кірген Ресей, Украина, Қырғызстан, Молдова, Хорватия, Грузияда ауыл шаруашылығын субсидиялау мөлшері 5 пайыздан аспайды деп бекітілген. Ал, бізге түрлі дауласулар мен талқылаулардан соң 8,5 пайыз көлемінде субсидиялауға құқық берілді. Бұл аталған саладағы үлкен жетістік деп саналады.
Жалпы, елімізде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі кейінгі жеті жылда 3,5 есеге өсіп, 2014 жылы 146,6 млрд. теңгеге жетті. Алайда қазынадан қаржы-қаражат молынан бөлінсе де өнім көлемінің өсуі баяу жүруде. Мамандар оны субсидиялардың ынталандыру тетігінің төмен болуымен байланыстырады. Соның кесірінен кейбір өңірлерде тұқымды шашып, соның құжаттарын өткізіп-ақ қажетті қолдау қаржыны алып келеді. Ал, өнім сол күйі жиналмай қалады. Министрліктің өзгерісіне орай енді кейбір субсидиялар жиналған өнімнің көлеміне қарай беріледі. Мұнымен бірге, өзгеріске сәйкес инвестициялық субсидия түрі енгізілді. Тіптен жайылымдық жерлерде құдық қазу, вагон қою, күн электр энергиясын шығаратын құрылғыларды орнату кезінде жұмсалған жалпы шығынның 80 пайызына дейін мемлекет төлеп жатыр. Егер кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін зауыт салса, соған кеткен шығынның 50 пайызы субсидия ретінде бюджеттен қайтарылып беріледі. Әрине, кәсіпорынның толықтай іске кіріскені басты талап ретінде қарыстырылып, тек содан соң ғана жарты шығыны өтеледі. Мемлекеттің осындай қолдаулары өнімнің сапасы мен көлемін арттырып, экспортқа тауар шығаруға мүмкіндік туғызатындығы сөзсіз.

Қытай қапты қойып, вагонға көшті
Ауыл шаруашылығын дамытуды ерекше назарда ұстайтын Елбасы өткен жылы Қытайға сапарында төраға Си Цзиньпинмен өте маңызды келісімдерге қол қойды. Мәселен, аты әлемде астық алпауыттарының қатарында аталатын Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көрші Қытайға бидай сата алмай келді. Жанымызда алып нарықтың тұрғанына қарамастан, амал жоқ, вагондарды Иран мен Ауғанстанға қарай жөнелтіп жататын. Себебі Қытай Қазақстаннан бидайды тек қапшықпен сатып алуды ғана міндеттейтін. Миллиондаған тоннаны қанша қапқа салу керектігін және оған кететін шығындар мен қаржыны есептей беріңіз. Өткен жылғы сапарда сол талап жойылып, Бейжіңге алғаш рет бізден 500 мың тонна астық экспортталды. Алдағы жылдары1 млн. тонна бидай көрші елге жөнелтіледі. Мұндай келісім егінмен айналысатын шаруашылықтарға айтарлықтай қолдау болғаны анық.
Бүгінде қытайлармен біріккен 19 инвестициялық жоба қолға алынып жатыр. Ал 2015 жылы 167 млрд. теңге инвестиция салаға құйылыпты. Мәселен, қытайлық инвесторлар, негізінен, ет, май, томат, бидай өсіріп, өңдеуге қызығып отыр. Атап айтқанда, министрлік осы салаларда бірлесіп жұмыс істеу үшін «Rifa Holding Group», «Айцзюй», «CITIC» и «COFCO» сынды қытайдың ірі компанияларымен мәміле жасасып жатыр. Соның ішінде «Rifa Holding Group» компаниясы ет өңдеу кластерін құру жөнінде меморандумға қол қойылды. Аталған инвестор Шығыс Қазақстан облысында 7,9 млрд. теңге болатын қой мен сиыр етін өңдейтін кешенді салуға кірісті. Бұл компанияның кәсіпорындағы үлесі 49 пайызды құрайды. Ал дайындалған өнімнің 80 пайызы Қытайға экспортталады. Сонымен бірге компания өкілдері қазір Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарындағы шаруашылықтың жайын зерттеп жатыр.
Сол сияқты Солтүстік Қазақстан облысында қытайлық «AIJIU» компаниясы «Total Impex» ЖШС мен бірге 58 млн. долларлық кешен тұрғызуда. Мұнда жылына 80 мың тонна өсімдік майы, 200 мың тонна ұн және 200 мың тонна жем дайындалады. Ал келесі «COFCO» компаниясы Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан жылына 120 мың тонна томат өндіретін зауытты 80 млн.долларға салмақшы. Гонконгтық атақты «Oriental Patron» қаржылық тобы отандық «Казэкспортастык» компаниясымен бірігіп, ауыл шаруашылығы саласындағы терең өңдеу ісіне 500 млн. доллар инвестиция жұмсауды жоспарлап жатыр.

Басты артықшылықты байлыққа айналдырайық
Бұл ауқымды жобалардың барлығы ауыл шаруашылығын дамытуды көздейтін Елбасының «100 қадамына» толықтай сай келеді. Өйткені жарты әлемді техникамен қамтамасыз ететін қытайлық мамандар елге де жаңа технологияны енгізеді. Бұл тұста әлдекімдер арандататын «қытайлық қауіптен» қорқу қажетсіз. Барлығы келісімдер аясында жүзеге асатындықтан техниканы орнатып, іске қосатын мамандардан бөлек ол жақтан ешкім де келмейді. Барлық жұмысшылар мен басқарушылар толықтай жергілікті азаматтар болуы тиіс. Қазақстан тарапының басты талабының бірі де осы. Ал заманауи техника мен технологиясыз шаруашылықты дамыту мүлде мүмкін еместігі айдан анық нәрсе. Далада жүргеніне отыз жылдан асқан тракторлар мен шығыны көп цехтардан экспортқа лайықты өнім алу мүмкін бе?
"Бұл мақсатқа жету үшiн ғылымды көтеру керек" дейді академик Ғани Қалиев.
Бiзде 100 миллион гектардан астам жайылымдық жер пайдаланылмай жатыр. Ғалымдардың санауы бойынша, ол жерде 40 миллион бас қой ұстауға мүмкiндiк бар. Ол бiр миллион тонна ет. 100 миллион гектар жердiң астында су бар, бетiнде жоқ. Демек, жерастынан су шығару үшiн электр қуаты керек. Екi облыста жел мен күннен электр қуатын алуға тәжiрбие жасап жатырмыз. Осындай iстердi жүзеге асырған жөн. Жалпы, ғалымдардың есебi бойынша, Қазақстан ауыл шаруашылығы бар мүмкiндiктi ұтымды пайдаланса, 50 миллион халықты асырауға шамасы бар. Үкімет алдымен барлығын жоспарлап, нақтылау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне экспорт пен импортты қадағалайтын құзыр берілсе артық емес. Сонымен бірге жер иеленушілердің арасында екі тап қалыптасқан сияқты. Ірі алпауыттар мен шағын фермерлер. Енді екінші топтың басын қосатын «Ауыл шаруашылығы кооперациялары» туралы жаңадан қабылданған заңды толығымен қолдаймыз. Дегенмен, мұнда ортақ зауыттар салумен ғана шектеліп қалмауы қажет. Біріккен түрде жаңа техника мен тың технологияға қол жеткізгенде ғана күшейе алады. Сонда ғана экспортқа қажетті өнімді дайындай аламыз.
Еліміздің қалыпты экономикадағы тірегі мұнай да, газ да емес ауыл шаруашылығы екендігі қашаннан бері белгілі дүние. Оған Қазақ жерінің табиғаты мен климаты, ең бастысы, орасан кеңдігі мол мүмкіндік беріп тұр. Оның үстіне адамзаттың қатары артып, қарасы молайған заманда қанша тұстан дағдарыс туса да тіршіліктің нәрі азық-түлікке деген сұраныс төмендеген емес. Ал, осынау байтақ далада тумысынан шаруашылық еңбегіне епті қазекем өз артықшылығын бағалап, істің көзін таба білсе, нағыз байлыққа кенелетіндігі күмәнсіз.

Бейсенбай ТӘЖІБАЙ