Инвестициялық жобалардың құны артуда

Жыл басынан бергі қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны ойдағыдай. Бұған инвестициялық қаржы қорының жинақталуы әсер етті. Оның көлемі жиырма миллиард жеті жүз миллион теңгеге жетті. Соның бір миллиард 158 миллион теңгесі республикалық бюджет есебінен. 689 миллион теңге жергілікті бюджеттен. Он сегіз миллиард 853 миллион теңге кәсіпорындардың, банктердің несиелері және басқалар.
инвес
Алдын ала белгіленген межелер бойынша жарты жылдың қорытындысымен инвестиция көлемі жиырма үш миллиард теңгеге теңеседі.
Үстіміздегі жылы үш инвестициялық жоба индустриялық Картамен жүзеге асырылмақ. Құны – алты миллиард 208 миллион теңге болады. Жобаларды пайдаланудың арқасында екі жүз жиырма бес жұмыс орны ашылады.
Инвестжобалардағы қаржының төрт миллиард 864 миллион теңгесі игеріледі. Атап айтқанда, "ТрансСфера-СП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таңдап алған жобаның қуаты ерекше. Келешекте ұсақ сортты, әртүрлі прокаттар жасалады.
Жылына он бес мың тонна дайын өнім өндіріледі. Жобаны үлгірту биылғы жылға белгіленген. Жобаның құны – төрт жүз миллион теңге. Әзірге отыз миллион теңге игерілді.
"Қостанай МБИ" серіктестігіндегі жобаның құрылысының да ауқымы кең. Жобаның құны – 4 370 миллион теңге. Игерілген қаржы – үш миллиард 396 миллион теңге. "Сарыарқа АвтоПром" серіктестігіндегі жоба да аса құнды. Жобаның құны – 1438 миллион теңге.
Қостанайда тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. Есеп берілген мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 7932 миллион теңгені құрады. Немесе 102,5 пайыз.
Тұтастай алғанда, тұрғын үй құрылысы бағдарламасына, білім беру нысандарын қайта қалпына келтіруге, инженерлік-коммуникация инфрақұрылымына, жылу беру жүйесіне, сумен қамту және коммуналдық шаруашылыққа алпыс үш инвестициялық жоба таңдап алынды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓