Жұмыс өнімді, жоспар сенімді

Бүгін аймақ басшысы А.Мұхамбетовтің төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтіп, жиында 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім байқалады. Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісі 10,8%-ға ұлғайған, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 15,3%, негізгі капиталға құйылған инвестициялар –18,2%, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі – 18,7%, құрылыс ауқымы – -9,8%, сауда – 3,6% артқан. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің нақты көлем индексі 84,0%-ға тең.
Жиында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету бағытында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындылары баяндалды.
"Мемлекеттік қызмет көрсету саласында ауқымды жұмыс жүргізілгенін өткен жылғы көрсеткіштер көрсетеді. Барлығы 9 млн 600 мыңнан астам қызмет көрсетілген, бұл 2020 жылға қарағанда 1 млн 400 мыңға артық.
Мемлекеттік қызметтердің ішінде ең көп сұранысқа ие болғаны – денсаулық сақтау саласы – 6 млн астам немесе 70%", – делінеді аймақ басшысының инста-парақшасындағы жазбасында.Сондай-ақ, отырыста 2021 жылы 382 бақылау іс-шаралары жүргізілгені мәлім етілді. Бюрократияны болдырмау және заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 2022 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары құрылды. Бизнес субъектілерімен өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы, жер қатынастары салаларына, ауылдық округтердің әкімдіктеріне ерекше назар аударылды.
Жиын соңында А.Мқхамбетов өңірлердің әкімдері, басқарма басшылары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін жеке бақылауға алуы, сондай-ақ өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруы қажет екенін айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓