Ар-намысына араша сұрады

Қостанай гарнизонының әскери сотына азаматша Ж.-дан 6697 әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі ефрейтор Қ.-ға қарсы шағым түсірді. Онда шағымданушы жеке бас құқығы тапталып, өзіне қорлау әрекеттері жасалғанын айтқан. Қ. іс-әрекеттерінен ҚК-нің 131 бабының 1-бөлімінде (қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту) көзделген қылмыстық теріс қылықтың белгілері қаралады.
Шағым түсірушінің сөзі бойынша Қ. бірнеше рет оның ар-намысына тиетін әрекеттерге барған. Осыған байланысты Ж. тиісті жазаның қолдануын сұрайды.
Әскери сот жеке шағымды өндіріске алу туралы шешім қабылдау барысында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓