Қостанай облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 18-желтоқсанындағы Жарлығымен Қостанай облыстық сотының төрағасы болып Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы тағайындалды.сотМерғалиев Асламбек Амангелдіұлы 1972 жылдың 2-сәуірінде Павлодар облысы Ертіс ауданы, Қарақұдық ауылында туған. 
1999 жылы заңгер мамандығы бойынша Ыстамбұл мемлекеттік университетін бітірген.  
Сот саласында 2001 жылдан бері қызмет істеп келеді. 
2001-2003 ж.ж. – Павлодар облыстық сотының бас маманы;
2003-2007 ж.ж. – Павлодар қалалық сотының судьясы;
2007-2008 ж.ж. – Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
2008-2012 ж.ж. – Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының төрағасы;
2012 -2014 ж.ж. – Павлодар қалалық №2 сотының төрағасы;
2014 жылдың 17-маусымынан 2015 жылдың 18-желтоқсанына дейін – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған. 
Сонымен қатар, осы Жарлықпен Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып бұған дейін облыстық соттың кассациялық сот алқасында судья болған Владимир Долгих тағайындалды.     
Облыстық соттың жаңа басшысын ресми түрде таныстыру 26-желтоқсанда сағат 12:00-де мамандандырылған экономикалық сот ғимаратында өтеді. 
Жаңа төрағаны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаментінің  басшысы Ілияс Испанов таныстыратын болады. 
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓