Тағы да су құрбаны…
Қайғылы оқиға тағы да Денисов ауданында тіркелді. Естеріңізде болса, осыдан екі күн бұрын Фрунзенский ауылында 11 жасар жеткіншек суға батып кеткен еді. Оқыс жағдай осы ауданда қайталанып отыр. Досов ауылында Тобыл өзеніне шомылуға барған 13 жасар бала тұңғиықта тұншығып көз жұмды. 8-маусым күні сағат 20.30-да батып кеткен жеткіншектің мәйітін құтқарушылар келесі күні сағат 09.28-де жағаға алып шықты.