Автобустан құлады (БЕЙНЕБАЯН)

Қостанай қаласында 8 маусым күні 18 жастағы қыз бала жүріп келе жатқан қоғамдық автобустан құлап қалған. Оқиға сағат 14:00 шамасында, Баймағамбетов көшесінде  болды. Қаладағы №5 автобус маршрутының жүргузішісі қозғалыс уақытында көліктің есігін жаппаған. Дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көмекке келіп, қызды ауруханаға жеткізген.
Қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Игор Войтовтың айтуынша, сағат 14:20-да қалалық аурухананың травмотологиялық бөлімшесіне бас миы жарақаттанған бойжеткен жеткізілді. Тексергеннен кейін ол нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған. Қазір қыздың жағдайы бір қалыпты. Дәрілерлер денсаулығын қалыпқа келтіруге бірнеше апта кететінін айтып отыр.
Полиция қызметкерлерінің сөзінше, маршруттық автобус "Диірмен комбинаты" аялдамасы маңында есігін ашық қалдырған күйінде жүріп келе жатқан. Куәгерлер қыздың аялдамалар арасында бірнеше метрге ұшып кетіп, арқасымен құлағанын айтады. 9 маусым күні жергілікті полиция қызметкерлері автобус жүргізушісін қолға түсірді.
Оған қатысты 610-шы баптың екінші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді автобус жүргізушісіне 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қостанайдағы автобус жүргізушілері жол қозғалысы ережесін жиі бұзатынын айтады. Мәселен, жыл басынан бері автобус жүргізушілері 533 ереже бұзушылыққа жол берген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓