Әкімшілік Кодекс ізгіленді
Мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде мемлекет мүддесін және азаматтардың құқығын қорғау мақсатында қолданыстағы заңнаманы жаңартуға бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қол қойды.
Кодекстің басты міндеттері ізгілендіру, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұлдың көлемін 50%-ға төмендету, қамаудың ең жоғары мерзімін 30 тәулікке дейін қысқарту, маскүнімдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертiне шалдыққандарға қолданылатын мәж-бүрлеу шарасы алып тасталды. Сондай-ақ әкімшілік жазаның түрі ретінде ескертуді қолдану аясы кеңейтілді.
Екіншіден, әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайтын уәкілетті органдардың құзіреті қайта қаралған. Атап айтқанда, санкцияларында айыппұл түріндегі әкімшілік жаза көзделген баптар уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына беру жолымен соттардың жұмысы жеңілдетілді.
Үшіншіден, әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін жаңғырту. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде хаттамамен бірге алған түбіртек бойынша айыппұл төлеу жүргізген жағдайларда қысқартылған іс жүргізу енгізіледі. Яғни, адам құқық бұзушылық фактісімен келісіп, кінәсін мойындайды және өз еркімен айыппұл төлеуге дайын және ешқандай наразылық білдірмейді. Бұл жерде қысқартылған тәртіп үшін адамға хаттаманы тапсырған кезден бастап жеті күндік мерзімде айыппұлдың жалпы сомасының 50 пайызын төлеуге мүмкіндік беру көзделген. Егер де, тұлға орын алған құқық бұзушылық фактісімен келіспесе, іс жалпы тәртіпте қаралады.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сонымен қатар, қысқартылған өндірісті қамтамасыз ету мақсатында айыппұлдың жаңа кодексте экологиялық, салық, экономикалық және электр энергетикасы заңнамасын бұзғаны үшін көзделетін айыппұлдың пайызбен есептелетін белгіленген мөлшері бекі-тілген.
Маңызды жаңалықтардың бірі – азаматтық және қылмыстық іс жүргізу кодекстері сияқты жаңа кодексте де жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды қайта қарастыру институты енгізілген. Бұл жеке және заңды тұлғалардың неғұрлым толықтай құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Судьяға, органға (лауазымды адамға) жеңілдететін мән-жайларды белгілеу кезінде жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын жалпы соманың 30 пайызына дейін қысқартуға мүмкіндік беретін норманы енгізу аса елеулі жаңашылдықтардың бірі болып табылады.
Жаңа редакциядағы Кодекс 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.
Батырбек МНАЙДАРОВ,
Қостанай облысы прокуратурасының
4 басқарма прокуроры.